«Мейіргер мәселелері жөніндегі ақпараттық Хабаршы» журналы Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің дамуы мен жай-күйі мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау журналы болып табылады.
Журнал Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінде 2011 жылғы 12 желтоқсанда тіркелген (куәлік № 12177-Ж) және тоқсанына 1 рет мерзімділікпен шығарылады.
2017 жылы «Қазақстанның медициналық колледждер одағы» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен журнал тұжырымдамасы журналдың рецензияланатын ғылыми журналдарға қойылатын халықаралық талаптарға сәйкестігіне бағдарлана отырып қайта қаралды.